Біз сіздерге ҚЖАҚ ZhasCamp [бейресми]конференциясын дайындауға көмектесіп жүрген коммерциялық емес ұйымдардың арасынан серіктестерімізді, қоғамдық жастар ұйымдары туралы айтып шықтық.
Ендігі кезекте таптырмайтын ақшалай жәрдем көрсеткен коммерциялық компанияларды таныстырған жөн деп есептейміз.
Ендеше, 2015 жылы жастар [бейресми]конференциясын қолдаған ұйымдар:
·«Кар-Тел» компаниясы «Beeline» брендімен #ZhasCamp-тың мобильдік серіктесі болады. Біріншіден, осы ұйым бізге бес жыл бойы қолдау көрсетіп жүр! Биыл біз ынтымақтастықтың бірінші кіші-мерейтойын тойлаймыз. #Beeline конференцияның жай ғана мобильдік серіктесі емес, ол бағдарламамызда әрқашан белсене қатысады және жастарға қызықты кейстерді, жарыстарды ұсынады, тұсаукесерлерді көрсетеді. Осы жылы барлығымызды одан бетер шабыттандырып, #BeelineZhasCamp бағдарламасына үш қалада қатысады.
Естеріңізге сала кетсек, компания мобильді және тиянақталған телефонияның біріктірілген қызметтерін, халықаралық және қалааралық байланыс және деректерді табыстау қызметтерін, талшықты оптикалы байланыс технологиялары негізінде интернетке қол жеткізуді, Wi-Fi және үшінші ұрпақтағы 3G желіні ұсынады.
·RG Brands – бізбен бірге төрт жыл! RG Brands – Қазақстан және Орталық Азияның нарығында белсенді тұтынатын тауарлар секторында жетекші компаниялардың бірі. Қазақстандағы шырындар мен балшырындардың, шырыны бар сусындардың, ультрапастерленген сүттің, өлшеп буылған және пакеттеп оралған шайдың, судың, газдалған және энергетикалық сусындардың, мұздай шайлардың және шайнамалардың жетекші өндірушісі.
2015 жылы компания ZhasCamp конференцияны дәстүрлі қолдап жүр және қатысушыларға «Пиала Ice Tea», «Пиала Gold» мұздай шайларды, барлығы жақсы көретін «Pepsi» сусынын ұсынады.
·«Sunny Wind» жарнама агенттігі Шымкент қаласында ZhasCamp–тың әр қатысушысына арнап бейдждерді жасайды, сонымен баспасөздік қолдау көрсетеді.
·«Mega Center SHYMKENT» — сауда-ойын-сауық орталығы көптеген қазақстандықтарға танымал, ол өзінің есіктерін ZhasCamp-ке ерекше ілтипатпен ашты. Осы MEGA-да қатысушыларға арналған «Жастар келбеті» атты көрмесі өтті. Бұдан басқа шымкенттік ҚЖАҚ филиалы сауда орталығында жастарға жақындап келе жатқан оқиғаны еске салу үшін «ZhasCamp-ті жіберіп алма» флэшмобын өткізді.
·Lamoda.kz — e-commerce секторының сәнді киім, аяқ киім, косметика, аксессуарлар, парфюмерия және үйге арналған заттардың онлайн сатылымда және жеткізуді қамтамасыз ететін ірі компания. Lamoda.kz интернет дүкенінің ассортиментінде екі мыңнан астам тауар және тоғыз жүз шынайы әлемдік брендтер орын тауып отыр. Lamoda интернет дүкені Жаскемп үшін сыйақы ретінде өзінің өнімдеріне сертификаттарды ұсынып отыр.
·«Мультимедиасервис» — Алматы метрополитеннің барлық жарнамалық және сауда алаңдардың эксклюзивті жалға берушісі. Осы компанияның арқасында метроға кіргенде сіз Жаскемп промо-ролигін жарнамалық экрандарда көре аласыз, ия, айта кетсек видео түсірілім үшін алматылық Метрополитен таңдалған. Метро - келешектің көлігі!
·Шымкенттегі «Millenium» ағылшын тіл мектебі ағылшын тілін меңгеруге қатысушыларға сыйлық ретінде үш сертификат ұсынып отыр: біріншісі – 100% бірінші деңгей және екі сертификат – 50% жеңілдікпен.
·«Sun Cremo» кафесі – іскерлік және достық кездесу үшін таптырмайтын орын. Онда ноутбукпен оңашалап жұмыс орындауға болады. Жақсы интерьер, қолжетімді баға және мәзірдің кең таңдауына ерекше көңіл аударылған. Дәл осы Sun Cremo-да Жаскемп-тің бейресми жабылу салтанатты өтеді, ол өте жақын уақытта болмақ.
·Шымкент «Буквадел» жарнама агенттігі Жаскемп флэшмобы үшін ту дайындады, ол он екінші қыркүйекте Mega Center SHYMKENT-те өтті, сонымен қатар бізге көптеген суреттер шығатын пресс–қабырға ұсынып отыр.
Қазақстан жастар ақпараттық қызметі барлық компаниялардың басшыларына жастарға қолдау көрсеткен үшін алғысын білдіреді.